STEM бағытындағы шығармашылық пен технология тоғысы
"Роботтарды жаса, болашақты басқар!"
Үйірме принциптері
Мақсаты
Оқушылардың техникалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту арқылы робототехника негіздерін меңгерту, инженерлік дағдыларын қалыптастыру және инновациялық технологияларға қызығушылық арттыру.
Робототехника негіздері
Arduino, LEGO Mindstorms, Raspberry Pi және басқа да платформалармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Бағдарламалау қабілеті дамыту
Scratch, Python, C++ сияқты тілдерді қолдану арқылы алгоритмдік ойлауды жетілдіру.
Инженерлік дағдылар дамыту
Құрылымдау, сызба жасау, электроника және механика негіздерін меңгеру.
Шығармашылық, инновацияны қолдау
Оқушылардың жеке жобалар жасауына және шығармашылық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру.
Командалық жұмысты үйрету
Бірлесіп жұмыс істеу, жобаларды бірге жасау және идеялармен бөлісу дағдыларын дамыту.
Жарыстар мен байқауларға қатысу
Оқушыларды республикалық және халықаралық робототехника байқауларына дайындау.
STEM білімін дамыту
Ғылым, технология, инженерия және математика бағытындағы білімді практика жүзінде қолдану.